
Үржар ауданында мал ұрлығы орын алды
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында жедел профилактикалық іс-шара барысында Үржар ауданының полиция қызметкерлеріне ауданның 53 жастағы тұрғынының мал ұрлығын жасағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 22-23 қарашасына қараған түні Үржар ауданының ауылдарының бірінде бұрын сотты болған ер адам жасырын түрде бөтеннің үйдің жанында орналасқан сарайына заңсыз кіріп, 600 000 теңгеге бағаланатын биені ұрлап кеткен.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігіне сәйкес мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».
Осы баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі