
ШҚО-да есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды
Ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Дармек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды рецептісіз жіберу, сондай-ақ осындай заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 19 дәріхана, 12 емдеу мекемесі, 7 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген құрамында есірткі құралдары бар препараттардың айналымы ережелерін бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыс, сондай-ақ Семей қаласының дәріханаларының бірінің фармацевті дәрілік препаратты рецептісіз босатудан көрінетін «фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласының ережелерін бұзу» ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.
Қазіргі уақытта материал ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі