
Өскеменнің екі тұрғынын көшеде тонап кетті
Ағымдағы жылдың қараша айының соңында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны жүгінді, ол сол күні түскі уақытта С. Нұрмағамбетов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз ер адам қолынан ұялы телефонын жұлып ала қашқанын хабарлаған. Шығын көлемі 20 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады. Ұсталған азамат облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.
2021 жылдың 23 қарашада Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны осыған ұқсас өтінішпен жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, сол күні түскі уақытта бейтаныс жігіт Бажов көшесінде оның қолынан смартфонын ашық ұрлап кеткен. Нәтижесінде арыз иесіне 10 000 теңге сома залал келтірілген.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде осы қылмысқа күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Ол 22 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі