Кезекті мал ұрлығы ашылды

Кезекті мал ұрлығы ашылды

Кезекті мал ұрлығы ашылды

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында 41 жастағы тұрғынның мал ұрлығын жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, бұл ер адам 2021 жылдың маусым айының басында аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен 8 жасар аққұла меринді ұрлап кеткен. Келтірілген залал 1 300 000 теңгені құрады.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1 бөлігі – мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».

Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі