ШҚО полицейлері караоке-баттлға қатысты

ШҚО полицейлері караоке-баттлға қатысты

ШҚО полицейлері караоке-баттлға қатысты

Кадр саясаты басқармасы ШҚО Полиция департаментінің акт залында Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Тұңғыш Президентінің сүйікті әндерінің караоке-баттлын өткізді.

Шығармашылық баттлға «Нұрсұлтан» және «Жұлдызым» атты екі команда қатысты. Құрама команда мүшелері түрлі бөлімшелерден тұрды.

Қазылар алқасының төрағасы: ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.К. Унарбеков, сондай-ақ қазылар алқасының құрамында «Нұр Отан» Халықтық партиясы жанындағы «Жас Отан» қанатының төрағасы А. В. Айтмұқаш, кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Е. К. Шалқыбаев, ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Н. Г. Үдербаев, ШҚО ПД хормейстрі Л. К. Солтанова болды.

Сайыс үш турда өтті. Бірінші турда команданың бір қатысушысы жеребе бойынша ән орындады. Екінші турда командалар жеребе бойынша таңдалған әндерді орындады. Ал үшінші тур команда капитандары үшін арнайы болды. Біреуі әнді бастайды, екіншісі жалғастырады. Байқау қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан» командасы бұл баттлда жеңіске жетті.

Шара соңында қазылар алқасы ұйымдастырушыларға тамаша батл үшін алғыстарын білдіріп , қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыстап, алдағы уақытта жұмыстарыңа сәттілік тіледі.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі