
Көлігімен ұрланған малдың етін тасымалдаған жүргізу семейлік ұсталды
«Мал ұрлығы» республикалық жедел - алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері автокөліктің жүксалғышында тиісті рұқсат құжаттарынсыз мал ұшасын тасымалдаған жүргізушіні ұстады.
2021 жылдың 16 қарашасында кешкі уақытта ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Аскат Жайкенов пен Дулат Әбдікәрімов құрамында «Ертіс» стационарлық-бақылау бекетінде қызмет атқару барысында 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам «Lada» автокөлігінің жүксалғышында ұрланған 1 қойдың ұшасын тасымалдаған.
Жедел-тергеу амалдарын жүргізу барысында аталған азамат Бесқарағай ауданында орналасқан шаруа қожалығының аумағына кіріп, Семей қаласының 46 жастағы тұрғынына тиесілі 1 қойды ұрлап кеткені анықталды. Осылайша 50 000 теңге шығын келтірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 - бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі