
Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу ережесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің № 1427-2011 қаулысы) Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс.
14 жастан асқан азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелуге жатады. Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу бар - бұл тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу және уақытша тіркеу - бұл азаматтың 1 айдан 1 жылға дейінгі уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу (оқу, жұмыс, емдеу, мұқтаждарға қамқорлық жасау және т.б.).
Егер азаматта бір мекенжайда тұрақты тіркеуде тұрған, бірақ іс жүзінде басқа мекенжайда бір айдан астам тұратын жағдай болса, онда ол уақытша болатын жері бойынша уақытша тіркеуге тұруы керек. Бұл ретте бір айдан астам мерзімге уақытша тұрғын үй беретін тұрғын үй иесі өзімен бірге тұратын азаматты уақытша есепке қоюға міндетті. Әйтпесе, екі тарап та: ҚР ҚК 492-бабы бойынша тіркелмеген тұлғалар және ҚРҚБП 493-бабы бойынша тұрғын үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Тұрғылықты жері бойынша тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.
Егер тіркеу уақытша болса, онда мерзім өткеннен кейін ол автоматты түрде жойылады, тұрақты тіркеу мекенжайы өзгеріссіз қалады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі