
Қайтып оралуға арналған куәлік бойынша Қазақстан Республикасына келуі
Қайтып оралуға арналған куәлік-иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір рет келу құқығын растайтын құжат.
Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік шетелде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін жоғалтқан не Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған уақытта олардың қолданылу мерзімі өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына ресімделеді.
Қазақстан Республикасына келуге (қайтуға) арналған куәлікті ресімдеу үшін азаматтың Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жеке өзі жүгінуі қажет.
Қазақстан Республикасына оралған кезде азамат келген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 6-тармағына сәйкес тұрғылықты жері бойынша, уақытша болу орны бойынша тіркелуі қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасының азаматтарын елге қайтару кезінде қайтып оралуға арналған куәлік бойынша шектеулер мен айыппұлдар көзделмеген.
Уақытылы тіркелмеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі