Әлеуметтік желінің көмегімен қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық азаматша ұсталды

Әлеуметтік желінің көмегімен қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық азаматша ұсталды

Әлеуметтік желінің көмегімен қарызын төлеуден жалтарып жүрген шығысқазақстандық азаматша ұсталды

Көші-қон қызметінің жұмыс бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздеу болып табылады.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені және қарызын төлемегені үшін сот орындаушылардан жасырынып жүрген 180-нен астам адамды анықтады.

Ағымдағы жылдың қараша айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілердегі белсенділігі арқасында қарызын төлеуден жалтарып, жасырыып жүрген 40 жастағы борышкерді тапты.

- Әйел таныстарынан 700 мың теңге ақша қаражатын алып, уақытты созбай қайтаруға уәде бергені белгілі болды, алайда одан әрі байланысқа шығудан қалған. Кейін белгілі болғандай, ол бір жылдан астам Алматы облысында жасырынып жүрген. Ақшалай қаражатты өндіріп алуға арналған материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі