Құрметті автокөлік иелері!

Құрметті автокөлік иелері!

Құрметті автокөлік иелері!

Ағымдағы жылдың 11 қарашасынан бастап азаматтарға телефон байланысы арқылы, шетел есебінде тіркелген автокөліктерді пайдалану тәртібі мен талаптары, сондай-ақ оларды тіркеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу үшін ШҚО Полиция департаментінде 8-(7232)-23-41-65, 23-41-59, 8-705-133-84-40 телефон нөмірі бойынша Сall-орталық ұйымдастырды.

Бірінші күні call-орталықтың жедел желісіне Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан 100-ден астам адам шетелдік есепте тұрған автокөліктерді пайдалану бойынша проблемалық сұрақтармен жүгінді.

Азаматтарды осы тақырып бойынша толғандыратын негізгі сұрақтар: «олардың автомобилі есептен шығарылғандар тізіміне кіреді ме», «одан әрі пайдалану мүмкін бе», «егер автомобиль есептен шығарылса әрі қарайғы әрекеттер алгоритмі қандай» және т.б..

Әкімшілік полиция қызметкерлері әрбір өтінішті жеке қарап шығып, қолданыстағы заңнама аясында облыс азаматтарын қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

ШҚО Полиция департаменті Call-орталығының жедел желісінің жұмысын жалғастыруда!

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі