17 жастағы студент дүкен сатушыларын 100 000 теңгеге алдаған

17 жастағы студент дүкен сатушыларын 100 000 теңгеге алдаған

17 жастағы студент дүкен сатушыларын 100 000 теңгеге алдаған

Ағымдағы жылдың қараша айының басында Аягөз аудандық ПБ кезекші бөліміне дүкеннің 48 жастағы иесінен арыз келіп түсті, арызда 2021 жылдың шілде-қараша айлары аралығында оның дүкеніне келген бейтаныс жігіт дүкеннен түрлі өнімдерді сатып алып, тауар үшін төлемді мобильді қосымша арқылы төледім деп түбіртек көрсеткен, алайда ақша шотқа сол күйі түспеген. Келтірілген шығын 100 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Алаяқтыққа барған күдікті 17 жастағы колледж студенті болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі