
«Браконьер» ЖААШ: ШҚО-да аюды заңсыз аулаудың тағы бір фактісі анықталды
Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында өзінің тіркелген мылтығымен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті оның етін жеке пайдалану үшін алғанын айтып, сондай-ақ болашақта сату мүмкіндігі жоспарымен аюдың табанын да тастамай өзіне алған.
ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы- Заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген».
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 360-тан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 605 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 394-і аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, 10 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі