«Учаске» ЖААШ: Полицейлер бутиктерді ұрланған телефондарды сату фактісіне тексеруде

«Учаске» ЖААШ: Полицейлер бутиктерді ұрланған телефондарды сату фактісіне тексеруде

«Учаске» ЖААШ: Полицейлер бутиктерді ұрланған телефондарды сату фактісіне тексеруде

ІІМ бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімшелерімен мүлікті қорғау бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізіліп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде ұрланған телефондарды сату орындарын тексеру және заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізілді.

Өткен демалыс күндері жедел уәкілдер 76 өткізу орнын аралап, 1000-нан астам телефонды тексерді. Жалпы, жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 144-тен астам ұялы телефон ұрлығы ашылды.

Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер бутиктердің иелерімен және ұялы телефон сатушылармен ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабында қарастырылған қылмыстық жолмен көрінеу табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді.

                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі