Алтай ауданының тұрғыны зейнеткерді алдап, көлігін иемденген

Алтай ауданының тұрғыны зейнеткерді алдап, көлігін иемденген

Алтай ауданының тұрғыны зейнеткерді алдап, көлігін иемденген

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында 63 жастағы зейнеткер Алтай ауданының полиция бөліміне жүгінді, ол 2021 жылдың 10 шілдесінде бейтаныс жігіт өзінің «ВАЗ» маркалы көлігін жөндеп беруге уәде беріп, оны осы уақытқа дейін әлі қайтармағанын айтты. Осылайша 600 000 теңге залал келтірді .

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ауданның 34 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді.

Қазіргі уақытта қаскүнемге қатысты алдын - алу шарасы қабылданды-келу міндеттемесі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі