Өскемен тұрғыны иесіз қалған ғимаратқа мылтығын жасырған

Өскемен тұрғыны иесіз қалған ғимаратқа мылтығын жасырған

Өскемен тұрғыны иесіз қалған ғимаратқа мылтығын жасырған

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Өскемен қаласының Үлбі ПБ жедел уәкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды өз үйінде заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны анықталды, ол қала көшелерінің бірінде орналасқан қараусыз қалған ғимараттың 2-қабатында кірпіштердің астына атыс қаруын жасырғаны белгілі болды.

Маманның қорытындысына сәйкес алынған «ЗК-16» тегіс ұңғылы бір ұңғылы аңшылық мылтығының оқпанын қолдан қысқарту арқылы дайындалған, оқ атуға жарамды, тегіс ұңғылы шолақ атыс қаруы екенін көрсетті.

ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азамқа қарудың қайдан келгені анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады».

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі