
Терезе саламын деп алдаған
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ-не 36 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында бейтаныс ер адам пластикалық терезелерді орнатып беремін деген сылтаумен, сенімге кіріп оның ақшасын иемденген. Осылайша 465 000 теңге көлемінде залал келтірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оның ашылмаған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде».
Полиция департаменті тағы да азаматтарды сақ болуға, бейтаныс азаматтарға сенбеуге шақырады, қандай да бір тауар ресімделген жағдайда, әрқашан оның бар екеніне немесе оны ұсыну мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі