Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Семей қ.ПБ Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 48 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын мәлімдеген.

Полицейлер 31 қазанда түнгі уақытта Глинки көшесіндегі кафелердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, бейтаныс адам жәбірленушіге жақындап, қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұрағанын. Телефонды қолына алып, телефон шалғандай сыңай танытып, бірнеше метр алыстап кеткен соң, қаша жөнелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 44 жастағы жұмыссыз ер адамды ізін суытпай анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі