
ШҚО-да ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды
Ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында Тосқайың ауылы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде орман шаруашылығынан «Самырсын» тұқымды ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды, олардың жалпы көлемі 102 текше метрді құрады. Келтірілген шығын сомасы 590 000 теңгеден асты.
- Тексеріс барысында ұрланған ағаштарды сатуды жоспарлаған Күршім ауданының 39 жастағы тұрғыны анықталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 340 – бабы 2-бөлігіне сәйкес (айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
Жедел профилактикалық алу іс-шарасы барысында облыс көлемінде барлығы 300-ге жуық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Онда 511 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 7 ағашты заңсыз кесу фактісі анықталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
ШҚО ПД баспасөз қызметі