Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 кг-ға жуық балық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 кг-ға жуық балық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 кг-ға жуық балық тәркіленді

Полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Зайсан» көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі тыйым салынған аумақта балықты заңсыз аулаумен айналысқан 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын анықтады.

Браконьерден «Обь» моторлы қайығы, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 кг 3 қап заңсыз ауланған көксерке тәркіленді.

Күдіктіні заттай дәлелдемелермен аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Ер адамға қатысты шақыру бойынша келу бұлтартпау шарасы қабылданды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 - бабы 3-бөлігі бойынша «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі