
Өскемен тұрғыны гаражында жарты келіге жуық марихуана жасырған
Ағымдағы жылдың 14 қазанында «Рефлекс» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде 59 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Оның гаражын тінту барысында «Toyota» автокөлігінің жүксалғышынан жасыл түсті 7 түп өсімдік және жасыл түсті өсімдік заты бар бір полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған өсімдік заттарының жалпы салмағы- 464,39 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296 - бабының 3-бөлігі – «Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
ШҚО ПД баспасөз қызметі