
ШҚО полицейлері бір күнде 30 литрден астам қан тапсырды
Полиция департаменті тұрақты негізде Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен қарым-қатынас жасауда.
26 қазанда Полиция департаментінде «Донор күні» өтті, оған 70 полиция қызметкерлері қатысты. Таңертеңнен бастап акт залының жанында қан компоненттерін құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тәртіп сақшылары кезекте тұрды.
Жылдан-жылға қан тапсырғысы келетіндерің саны өсуде. Бұл жолы бірі алғаш рет қан тапсырса,кейбіреулері медициналық қызметкерлермен жақсы таныс, бірақ олардың бәрін бір нәрсе біріктіреді – адамдарға көмектесу ниеті.
Қызмет борышы бойынша құқық қорғау органдары авариядан зардап шеккен адамдарға басқаларға қарағанда жиі кездеседі және қан құю өмірді сақтау үшін өте маңызды екенін біледі.
- «Біз бей-жай қалғымыз келмейді. Адамдарға көмектесу-біздің тікелей міндетіміз. Бүгінгі акция бірнеше адамның өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деді ППБ қызметінің инспекторы Айдын Бакинбаев.
Дәрігерлер донор ретінде полицейлер өте құнды екенін бірнеше рет атап өтті, өйткені олар денсаулығына мұқият назар аударады, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұрады.
- «Өкінішке орай, бізге бөлінген уақытта тек 70 полиция қызметкері қан тапсырды, жалпы алғанда, бұл шамамен 30 литр», - деді кадр саясаты басқармасының бөлім бастығы Дархан Буланов.
Бұл дегеніміз, бұл акция тағы да жалғасатын болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі