ЖКО алдын алу бойынша полицейлер қабылдап жатқан шаралар

ЖКО алдын алу бойынша полицейлер қабылдап жатқан шаралар

ЖКО алдын алу бойынша полицейлер қабылдап жатқан шаралар

Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – көліктер мен жүргіншілердің жүріс-тұрысын дұрыс ұйымдастыру және реттеу. Көшедегі көліктер жүрісіне сырттай бақылау болмаса, жол бойынде ереже талаптары бұзылып, кейде олардың жол апатына ұшырып жататын жағдайлары да кездеседі.

Статистика деректері бойынша, 2021 жылдың өткен кезеңінде ғана облыстың автожолдары мен көшелерінде 580 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 86 адам қаза тауып, 792 адам жарақат алған.

Жол апаттарының себептері өзгермейді. Бұрынғысынша, ЖКО жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен орын алады.

Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысын ұйымдастыру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады.

Бұл ретте, көшелер мен автожолдарға тексеру жүргізуге, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарымдар беруге маңызды рөл бөлінеді. Тек ағымдағы жылдың өзінде Департаменттің жол қадағалау мамандарымен 4 000-нан астам тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген 225 жол қызметтерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ЖПҚ басшысы Сағат Мадиев айтып өткендей: -Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және Департаменттің ұтымды ұсыныстарының арқасында облыстың көше-жол желісінде 7 жаңа бағдаршам объектілерінің құрылысы және қайта жаңарту жүргізілді, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінің алдында қауіпті учаскелерде – 1 100 қума метр шу жолақтары, 74 жарықдиодты белгілер орнатылды, 260 жасанды жол кедір-бұдырлығы жаңартылды, 145 000 шаршы метр жол таңбасы түсірілді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай) елді-мекендердің көше-жол желісін реконструкциялау бойынша үлкен жол жобалары іске асырылуда.

Қабылданып жатқан шаралар облыстың автомобиль жолдарындағы апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді.

                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі