
ШҚО-да малшы бөтеннің малын сатып жіберген
Ағымдағы жылдың қазан айының ортасында Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне Ақсуат ауылының 30 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылғы тамыз айының соңында белгісіз жағдайларда 2 бас ІҚМ жоғалғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында шаруашылықта малшы болып жұмыс істеген 46 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, ол жаюға сеніп тапсырылған жәбірленушіге тиесілі 2 бас ірі қара мал сатқан.
Күдікті жауап алу барысында мойындап, бұл қадамға мұқтаждықтан барғанын, ал түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
Келтірілген залал 600 000 теңгені құрады.
ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 - бабы 1-бөлігі бойынша- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген».
ШҚО ПД баспасөз қызметі