
ШҚО полицейлері Бұқтырма жағалауында браконьерлерді ұстады
Ағымдағы жылдың 2 қазанында рейдтік іс-шаралар барысында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Алтай ауданы ПБ инспекторымен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында, Октябрьский кентінің маңында балық аулап жүрген, осылайша балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзған 4 ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде аталған тұлғалардың балық аулауға рұқсат құжаттарының жоқтығы анықталды.
Ұсталған Октябрь кентінің 33 және 35 жастағы тұрғындарынан, Жарма ауылының 35 жастағы тұрғынынан және Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғынынан 2 қайық және 200 келіге жуық «рипус» тұқымды балық тәркіленді. Балықтың жалпы салмағы 232,82 кг болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі