
Алтай қаласындағы мектептердің бірінің жанында оқушы макеті орнатылды
Балалардың қатысуымен болған ЖКО кез келген қоғам үшін өзекті тақырып. Жаяу жүргіншілер өткеліндегі апаттылықты азайту мақсатында Алтай қаласындағы № 9 мектептің жанындағы жолдың жүру бөлігіне баланың макеті орнатылды.
Макетті эксперименттік тәртіпте орнатуға бастамашы болған Алтай ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тұрысбеков Ғалымбек Қанатұлы.
Алтай ауданы қалалық мәслихатының VII шақырылымының жетінші сессиясында Алтай ауданының полиция бөлімі Алтай ауданының барлық мектептерінің жанында мектеп оқушыларының макеттерін орнату туралы ұсыныс жасады, онда депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен аталған жұмысты жүзеге асыруға ақшалай қаражат бөлу мақұлданды.
Қазіргі уақытта Алтай қаласында 8 макет, Серебрянск қаласында 4 макет, Жаңа Бұқтырма кентінде 1 макет орнату жоспарлануда. Аталған жоспарды жүзеге асыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланды.
Аталған жұмыс балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының профилактикасы және алдын алуға бағытталған.Полиция қызметкерлері балалардың макеттерін жүргізушілердің онышынайыбала ретінде қабылдай алатындай етіп жасауға тырысты.Мектеп жанында орнатылған баланың макетіжүргізушілердің жолда абай болуына барынша ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі