
Жоғалған жылқы табылды
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Абай ауданы ПБ кезекші бөліміне 57 жастағы ер адам хабарласып, 1 бас жылқысының жоғалғанын жеткізген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 24 қыркүйекте Абай ауданының ПБ криминалдық полиция тобының қызметкерлері жылқыны тауып, иесіне қайтарды. Жылқы қараусыз қалған жайылымнан жоғалып кеткені анықталды.
Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы бойынша тоқтатылды.
Жыл басынан бері ШҚО аумағында мал ұрлығының 163 фактісі тіркелді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыстың 71 тұрғыны, оның ішінде 11 мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды.
Жалпы облыс тұрғындарына жалпы сомасы 20 млн.теңгеден астам 300-ден астам ұрланған мал қайтарылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі