
Бөтен адамның жеке деректерін пайдаланып несие рәсімдеген
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Өскемен қ. Полиция басқармасы Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 15.08.2021 жылы белгісіз тұлға ғаламтор желісі арқылы оның жеке деректерін пайдалана отырып мобильді қосымша арқылы, 192 000 теңге мөлшерінде онлайн несие ресімдегені жайлы арызымен жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 34 жастағы күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі