
Ұрылар қойды ұрлап, өзара бөліп алған
Ағымдағы жылдың қыркүйек қызметкерлеріне Алтай ауданына Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен белгісіз тұлғалар 1 бас қойды ұрлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегіне қараған түні Алтай ауданының Бородино ауылында тұратын 37 және 34 жастағы екі ер адам еркін қол жеткізу арқылы Алтай ауданының Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен 1 бас қойды ұрлағанын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 70 000 теңгені құрады. Ұрланған затты тасымалдау үшін қаскөйдің бірінің автокөлігін пайдаланған, кейін үйдің ауласында малды сойып, бөліп алған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі