Дүңгіршектерді тексерген полицейлер ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі

Дүңгіршектерді тексерген полицейлер ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі

Дүңгіршектерді тексерген полицейлер ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі

ІІМ мүлікті қорғау бойынша бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қаласының криминалдық полиция бөлімшелерімен осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұрланған телефондарды сату орындарын тексеру және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

Осы кезеңде жедел уәкілдер пайдаланылған телефондарды сататын 42 орынды тексерді. Жұмыс барысында 800-ге жуық телефон тексерілді, оның 11-нің қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны мәлім болды. Олар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді.

Сонымен қатар, рейд барысында полиция қызметкерлері бутиктердің иелерімен және ұялы телефон сатушылармен ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабында қарастырылған қылмыстық жолмен көрінеу табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі