Байлаулы бұзауды ұрлап кеткен

Байлаулы бұзауды ұрлап кеткен

Байлаулы бұзауды ұрлап кеткен

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне ауданның 50 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға еркін қол жеткізу жолымен үй қоршауының артынан байлаудағы 4 айлық қара-ала бұзауын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі