Тағы да бір мас жүргізуші ұсталды

Тағы да бір мас жүргізуші ұсталды

Тағы да бір мас жүргізуші ұсталды

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальоны өткізген "Қауіпсіз жол"жедел алдын алу іс-шарасы барысында сағат 13.30 кезінде Сәтпаев көшесімен келе жатқан "Газ" автокөлігі тоқтатылады. Көлік құралын басқарып келе жатқан 41 жастағы жүргізушінің бұған дейін Семей қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жылға көлік басқару құқынан айырылғаны анықталады. Сонымен қатар сол мезетте жүргізілген наркологиялық сараптама қортындысы негізінде оның тағыда рулге "орташа дәрежеде" мас күйінде отырғаны анықталады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

                                                                                     Семей қ. ПБ баспасөз қызметі