Танысының құжаттарын пайдаланып 1 млн.теңге несие ресімдеген

Танысының құжаттарын пайдаланып 1 млн.теңге несие ресімдеген

Танысының құжаттарын пайдаланып 1 млн.теңге несие ресімдеген

Полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан алаяқтық фактілері бойынша алдын алу шараларына қарамастан, көптеген азаматтар әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытуда. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тар дербес деректерді таратпау, оларды ешкімге мессенджерлер арқылы жібермеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға мұқият болу қажеттігі туралы үнемі ескертеді. Алайда азаматтар бұл сақтық шараларын елемеуде.

Мұндай алаяқтықтардың арбауына Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны түсіп қалды. Ол 20 тамызда Орталық полиция бөліміне барып 2021 жылдың шілдесінде сенімге кіріп оның танысы құжатын пайдаланып банктердің бірінде 1 млн. теңге сомасына несие ресімдегенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, 24 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі