
Өскемен қаласында саяжайларда ұрлық жасағандар ұсталды
Өскеменде онға жуық саяжай ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген ұрылар қолға түсті.
Өскемен қалалық полиция басқармасының Сол жағалау полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 31 және 34 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Олар саяжайдағы үйлерден кемінде 10-ға жуық ұрлық жасаған деген күдікке ілініп отыр. Айыпталушылар үй-жайға есіктер мен терезелерді бұзу арқылы кірген, олар негізінен қара және түсті металдан жасалған заттарды қолды қылған, - деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментының криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Әділғазинов Айдын Еділұлы.
Ұрылар көздеріне көрінгеннің барлығын таңдамай ала берген.Олар "Родничок" бау - бақша саяжайының жазғы коттеджінің аумағынан олар металл шұңқырды, ал "Самоцвет" бау-бақша қоғамында орналасқан үйден шойын ваннаны жымқырған. Аталған екі жағдайда да шығын көлемі 10 мың теңгені құрайды.
Осыған ұқсас ұрлықтар басқа саяжай алқаптарында да тіркелген, қазіргі уақытта ұсталғандардың аталған оқиғаға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел - тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚК 188-бабы 3-тармағы 2, 3-тармақтары (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу шарасы таңдалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі