"Борышкер"ЖПІШ: ШҚО-да 29 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді

"Борышкер"ЖПІШ: ШҚО-да 29 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді

"Борышкер"ЖПІШ: ШҚО-да 29 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді

Шығыс Қазақстан облысында "Борышкер"жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

15-17 қыркүйек аралығында Әкімшілік полиция қызметкерлері -прокуратура өкілдері және жеке сот орындаушыларымен біріге отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстар атқарды.

Жедел профилактикалық іс – шарасының үш күні ішінде Мемлекет бюджетіне 29 млн.теңгеден астам қаражат өндіріліп алынды, мәжбүрлеп өндіріп алуға 19 млн. 808 мың теңге сомасына 1 500 қаулы жіберілді, ал қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұрақтарға 110 автокөлік орналастырылды.

- Іс-шара барысында, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде полиция қызметкерлері облыс орталығында Нұр-сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы "HYUNDAI" маркалы көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты түрде тіркелген 8 төленбеген нұсқамасы бар екенін анықтады. Барлық құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, ШҚО Полиция департаменті айыппұлды төлемеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде мәжбүрлеп орындатуға жіберілетінін ескертеді.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі