
ШҚО-да «Борышкер» ЖААШ өтеді
2021 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Осыған байланысты әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажет. Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу негіздері) борышкерлер әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқылы екенін еске саламыз.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы тиісті хабардар етілген сәттен бастап 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді.
Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім көзделген. Жоғарыда көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, әкімшілік материал жұмыс орны бойынша не жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі