
Жүргізуші, назар аударыңыз: жолда жаяу жүргінші!
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Әкімшілік полицияның бастамасы бойынша, «Назар аудар-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде Өскемен қаласында жаяу жүргіншілер жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЖК «Сапар Шығыс» мердігерлік ұйымымен мектеп және мектепке дейінгі мекемелер ауданында жасанды жол кедір-бұдырлығын орнату және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жасанды жол кедір-бұдырларының негізгі міндеті, жаяу жүргіншілердің соқтығысуымен байланысты жол-көлік оқиғалары шоғырланған жерлерде, көлік ағыны қозғалысының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету болып табылады.
Мердігер ұйым, жол кедір-бұдырларын орнату бойынша:
- Өтепов көшесі (№44 мектебі маңында);
- Михаэлис көшесі (№22 үйдің маңында);
- Менделеев көшесі (№1 үйдің маңында);
- Сәтпаев көшесі (№30 үйдің маңында);
- Крылов көшесі (№33 үйдің маңында) жұмыстар жүргізді:
Бұл жұмыстар облыстың басқа да елді мекендерінде де жалғасатын болады. Қазіргі уақытта облыс бойынша 109 мектепке жақын жерде 1 526 қума метр жол кедір-бұдырлары орнатылған.
Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерден жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде мұқият болуды, сондай-ақ жол жүрісі ережелерінің талаптарын сақтауды сұрайды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі