
Қарыздан жалтарған семейлік елордаға көшіп кеткен
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алимент төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың және борышкерлердің тұрған жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері 100- Осы жазда Семей қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушының 38 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 2 000 000 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті.
- Белгілі болғандай, борышкер ақшаны қолхатпен алған, бірақ ол бес ай бойы оны қайтармаған. Жәбірленуші сот орындаушыларына жүгініп, алайда борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады, өйткені ол тіркеу мекен-жайы бойынша тұрмағаны анықталды, осыған байланысты сот приставы оған іздеу жариялаған.
Ағымдағы жылдың маусым айында көші-қон қызметінің қызметкерлері оны іздестіруді жариялағаннан кейін Нұр - Сұлтан қаласында тұратынын анықтаған, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Талапкер ұзақ уақыт бойы борышкерден ақша ала алмады және оның орналасқан жерін көші-қон қызметі анықтағаннан кейін ғана ақпарат қарызды өтеу үшін сот орындаушысына берілді.
ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі