
ШҚО полицейлері 11 үйді тонаған семейлікті ұстады
Семей қ. ПБ Затон ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үй тонауға қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта ер адам қаланың аумағындағы үйге ұрлыққа түсудің 11 фактісіне қатысы бары анықталды. Қаскөй пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіріп жүрген. Ол үйде тұрған тұрмыстық техника, бағалы әшекей заттар мен ақшаны ұрлаған.
Күдіктінің ұрланған заттарды Семей қаласының ломбардтарына тапсырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі