
2 ДӨҢГЕЛЕК БҰЛ- ЖОЛДА БОСТАНДЫҚ ЕМЕС, ОЛ ӨМІРГЕ ҚАУІПТІ ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРАЛЫ!
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті «Жол қозғалысы туралы» Заңға сәйкес мотоцикл,скутер, трицикл, квадроцикл және мопедтер, яғни қозғалтқыш көлемінің үлкендігіне қарамастан 50 км/с асатын жылдамдықты үдететін қозғалтқыштарды басқаратын жүргізушілерде жүргізуші куәлігі болуы қажет. Әрекеттегі заңнамаға сәйкес «А1» санаттағы жүргізуші куәлігін - 16 жасқа толған, ал «А» санатын – 18/ жасқа толған тұлғалар ала алады. Көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі бар жүргізушілер мен «А», «А1» санатын алғысы келетіндер жүргізуші даярлайтын ұйымдардан сабақ алу және теориялық, практикалық эмтихан тапсырулары қажет.
Сонымен қатар, аталған мотоқұралдардың иелері өз көліктерін мемлекеттік тіркеуден өткізіп, есепке енгізіп және мемлкеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, сонымен қатар көлік құралының тіркелгендігі туралы куәлік алулары қажет.
Мемлекеттік тіркеуден өтуге 50 км/с асатын жылдамдықпен максималды жабдықталған мотоциклдер, скутерлер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер жатады.
Осылайша, 50 км/с жоғары жылдамдықты үдететін мотокөлік құралын басқаратын тұлға, кез-келген жүргізуші сиякты тиісті санаты бар жүргізуші куәлігі мен көлік құрланының тіркелгендігі туралы куәлігі болуы қажет, сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және көлік құралын міндетті түрде техникалық байқаудан өткізуі қажет.
Екі дөңгелекті құрал, мейлі бұл электрлі самокат, велосипед, немесе мопед болсын, ол жоғары қауіпті құрал болып саналады, яғни жалпы ағыстағы құралдармен бірге көшелерде қозғалысы кезінде білінбейтіндіктен өте қауіпті болып келеді.
Осыған орай, ШҚО Полиция департаменті мотокөлік жүргізушілері мен олардың иелеріне көшелерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережесін біліп және қатаң сақтауды ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі