«Айыппұл төле» ЖААШ: 44 құқық бұзушылығы бар жүргізуші анықталды

«Айыппұл төле» ЖААШ: 44 құқық бұзушылығы бар жүргізуші анықталды

«Айыппұл төле» ЖААШ: 44 құқық бұзушылығы бар жүргізуші анықталды

Шығыс Қазақстан аумағында ағымдағы жылдың 1-7 қыркүйек аралығында "айыппұл төле" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Осы акция кезінде әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура мен жеке сот орындаушыларын тарта отырып, облыс аумағында борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтайтын болады.

Жедел алдын алу іс-шараларын тексерудің екі күнінде ғана тәртіп сақшылары атқарушы органдармен бірлесіп, 2 млн.теңгеден астам қаражат өндіріп алды.

- Іс шара басталғаннан бері төленбеген айыппұл үшін мамандандырылған тұраққа 15 автокөлік қойылды, сондай - ақ акция кезеңінде 700 мың теңгеден астам сомада өтелмеген айыппұлмен 44 құқық бұзушылық жасаған жүргізуші анықталды, - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, ШҚО Полиция департаменті айыппұлды төлемеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде мәжбүрлеп орындатуға жіберілетінін ескертеді.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі