
Алтай қаласында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Рейдтік іс-шаралар барысында Алтай қ. ПБ учаскелік полиция инспекторы көше қиылысында 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Мазда» автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында 2020 жылдың маусым айының соңында 37 жастағы жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сондай-ақ, тексеру барысында ер адамнан алкогольдің иісі шықғып тұрды, одан әрі полиция қызметкері жүргізуші медициналық куәландырудан өту үшін Алтай қаласының ІІБ-ге жеткізілді. Оған сәйкес алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін көрсетті.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі