ШҚО-да жас балалары бар әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан

ШҚО-да жас балалары бар әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан

ШҚО-да жас балалары бар әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді.

Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп

, жалдамалы пәтерлерде «Телеграм» мессенджері арқылы «скорость» және «меф» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ әйел құқық қорғау органдарының назарына түсті. Есірткіні қойып кетумен айналысқандардыі бірі, 8 және 6 жастағы екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана заңсыз әрекетін реттеу үшін ағымдағы жылдың маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан.

Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн.теңгеден асады. Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Жас балалары жақын туыстарына берілді.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».

https://cloud.mail.ru/public/SrAq/mPsWK2ZHgм

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі