
ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» ЖААШ басталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ағымдағы жылдың 23-29 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел–алдын алу іс-шарасын өткізеді.
Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжай аумақтарын патрульдеп сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша жұмыс жүргізіледі.
Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге алады.
Полиция департаменті ШҚО-ның барлық азаматтарын құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі