
Басқа елге Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
· өтініш-сауалнама;
· Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты;
· он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері;
· Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты;
· азаматтығы жоқ адамның куәлігі (тұлғаны идентификациялау үшін);
· егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісім.
Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.
Балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп танылғын жағдайда, олардың ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары жеке өтініш берген кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, өтініш берушіге қажет:
· мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
· ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
· он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі.
Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
-Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу ақылы негізде көрсетіледі және ол 2917 теңге тұрады (2021 жылы бір АЕК).
Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі – 20 жұмыс күн. Құжаттарды қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама береді.
Оң шешілген жағдайда қазақстандық тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығуы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес) және Қазақстан аумағынан 10 тәулік ішінде шығып кетуі қажет.
Қазақстан аумағынан шығу мүмкін болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркелуі қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі