
Бір айда екі көлік ұрлаған қаскөй ұсталды
Ағымдағы жылдың 05 маусымында Глубокое ауданының ПБ кезекші бөліміне Глубокое кентінің 35 жастағы тұрғыны белгісіз тұлға үйінің ауласында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарласты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл автокөлік жәбірленуші тұратын үйдің жанында табылды.
15 күннен кейін Глубокое ауданының полиция бөліміне ауданның тағы бір 35 жастағы тұрғыны хабарласып, оның есігі құлыпталмаған «ВАЗ» көлігі белгісіз біреулер заңсыз иемденіп кеткенін жеткізген.
Іздеу шараларыны барысында ұрланған көлік «Глубокое-Белоусовка» автомобиль жолының 5 шақырымында, жол жиегінен табылды.
Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері аталған дерек бойынша «Ұстау» жоспарын енгізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Глубокое аудандық ПБ қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындаған.
Көлік құралдары иелеріне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі