Ұрланған көлік «ізін суытпай» табылды

Ұрланған көлік «ізін суытпай» табылды

Ұрланған көлік «ізін суытпай» табылды

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Глубокое АПБ кезекші бөліміне Алтай кентінің 45 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол белгісіз тұлғалар Алтай кентінің үйінің жанында тұрған «Volkswagen» автокөлігін ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын 3 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 46 жастағы ер адамның басқаруындағы көлікті ұстады.

Күдікті Глубокое АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі