ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды

ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды

ШҚО полицейлері ұрланған малды иесіне қайтарды

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Үржар АПБ-нің «102» жедел арнасына Егінсу ауылының 45 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айының басынан мамыр айының ортасына дейінгі уақыт аралығында белгісіз тұлға еркін жайылымнан еркін қол жеткізу жолымен Егінсу ауылының шетінде жайылып жүрген 1 бас ірі қара малды жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын 300 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ер адамды анықтады, ол жауап алу кезінде мойындады. Жануар тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі