Жайылымнан мал ұрлаған

Жайылымнан мал ұрлаған

Жайылымнан мал ұрлаған

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Семей қ. ПБ Әуезов ПБ-не 52 жастағы «Восход» ауылының тұрғыны өзінің «Семей-Қарауыл» күре жолының 70 шақырымында орналасқан шаруа қожалығындағы 2 қойды белгісіз біреулердің өрістен ұрлап кеткендігі туралы арызданады. Келтірілген шығынды жәбірленуші 100 000 деп бағалайды. Осы қылмыстың ізін суытпай ашу үшін арнайды топ жасақталып іздеу жұмыстарын қолға алады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған Семей қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді, - деді Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл азаматтың басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатысы бар жоғы нақтыланатын болады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі