
ШҚО полицейлері 5 қабаттан секірмек болған ер адамды аман алып қалды
5 тамыз күні сағат 00:50-де Шемонаиха АПБ «102» жедел арнасына Первомайский кентінің тұрғынынан 30 жастағы азаматтық некедегі күйеуі өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, пәтерінің 5-қабатынан секірмек ниетте тұрғаны туралы қоңырау келіп түседі.
Шақыруға Первомай кенттік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сайран Амантайұлы Қалиев және жедел уәкіл Руслан Есімханұлы Қойшыбаев КПБ қызметкерлері жедел жеткен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер терезенің сыртында аяғын үйдің қабырғасына ғана тіреп, қолымен терезеден ұстап тұрған ер адамды көреді. Жағдайды көрген полиция қызметкерлерінің бірі ер адаммен келіссөз жүргізіп, оны пәтерге қайта кіргізу үшін темекі сұраған. Жасалған келіссөздердің нәтижесінде полиция қызметкері ер адамға жақындап, оны ұстап алып, қауіпсіз аумаққа шығарған.
Белгілі болғандай, жас жігіт мас күйінде болған, әйелімен жанжалдасу салдарын оны өзіне қол жұмсамақ болған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі