
ШҚО полицейлері отқа оранған «КамАЗды» қала сыртына апарып сөндірген
2021 жылдың тамыз айының 04 жұлдызы, ШҚО патрульдік полиция ротасы қызмет инспекторы полиция капитаны Р. Мырзаханов пен полиция аға лейтенанты А. Тлекенов қызмет атқару барысында Семей қаласы Боранбай би көшесі бойында, «КамАЗ» автокөлігінің тіркемесіндегі тиелген жүктін белгісіз себептен өртеніп келе жатқаның байқап, аталған көлікті ілестіре отыра, қауіпсіз жерге дейін жеткізіп, тіркемедегі өртенген жүкті түсіріп, өртке қарсы қызмет экипажы жеткенге дейін, көліктің өртенуіне жол бермеді. Аталған көліктін жүргізушісі Қайрашұлы Айдар Марденов өрттің қайдан келгенін және өртенгенің көрмегендігін жеткізіп, өртенуден аман алып қалған полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі